Қызу дайындық үстіндемін: Данэлия Тулешова Минскіге байқауға келді — Әуен
Данэлия Тулешова Минскіге келді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Данэлия Тулешова 25 қарашада Junior Eurovision-2018 ән байқауында еліміздің намысын қорғайды. Ал қазір дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Жас өнерпаз қобалжуға бой бермес үшін күн сайын дайындалып жатқанын айтады.
«Бүгін дайындық базасына барамыз. Қобалжу сезімін жеңу үшін сайыс басталғанға дейін дайындаламын. Ойдағыдай өнер көрсетуім үшін сақадай сай болуым қажет. Қызу дайындық арқасында жоғары нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын», — дейді Данэлия Тулешова.
Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау бірнеше күннен кейін «Минск-Аренада» өтеді. Ал ертең жарыстың ресми ашылуы болады.