Павлодарда көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

0
79
18 Қараша 2018, 17:52 200 0

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Павлодар қаласындағы Ломов көшесінде болған жол-көлік оқиғаның видеосы жарияланды. Бұл туралы pavlodarnews.kz порталы хабарлайды.

«Трамвай басқармасы» АҚ-ның баспасөз хатшысы Тимофей Голевтың берген мәліметіне сәйкес, №1 қалалық аурухананың маңында болған жол-көлік оқиғасы кеше сағат 17.05-те тіркелген.

Оқыс оқиға рельсте болғандықтан, трамвай 25 минуттай тұрып, 17.30-де қозғалыс қалыпқа келтірілген.

«Автомобиль жаяу жүргіншіні қағып, кейін рельске түскен. Вагонмен соқтығысу болмады, – дейді Тимофей Голев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқыс оқиға салдарынан 34 жастағы әйелдің зардап шеккенін растады. Сағат кешкі 17.06-де түскен шақырту бойынша 17.12-де оқиға орнына жедел жәрдем шұғыл жеткен.

«Әйелдің оң жақ жіліншегі сынған, сол жақ білегі жарақаттанған. Аталған диагнозбен әйел облыстық клиникалық ауруханасындағы шұғыл травматология бөліміне жатқызылды», – дейді денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ