Бүгін yyedilov телеграм арнасы қызметімен қоштасқан Имашевтың ұшақта отырған фотосын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Фотодан Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевтың бизнесс-класспен ұшып бара жатқанын байқауға болады.
Еске сала кетейік, Имашев Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылған болатын.
Ол Орталық сайлау комиссиясына дейін Әділет министрі болды. Соңғы қызметінде небәрі 5 жыл отырған.