Қызғылт юбкамен билеген қазақ жігіттері жұрттың қаһарына ұшырады — новости Казахстана
Юбка киіп, би билеген қазақ азаматтарының видеосы qazaqstanda парақшасында таралып кетті. «Танец маленьких лебедей» биін қазақ әніне билеген жігіттерді желідегілер аяусыз сынап тастаған деп жазады NUR.KZ.
Видеодан ақ шұлық пен қызғылт түсті белдемше киген қазақ жігіттерінің айнала билеп жүргенін көруге болады.
Басына ақ бқлт қондырған азаматтарды желідегілер қызу талқыға салса, енді біреулер олардың көңіл көтергенін дұрыс деп санаған.
«Масқара!», «Қазақ жігіттерінің сиқы осы болса, қыздардан не күтеміз?», «Қанша көңіл көтерсе де, ұят екен», «Үп-үлкен еркектер ғой. Ұят, намыс дегеннен жұрдай екен».
«Ел ағасы болып, ақыл айтар жасқа келгенде істеп жүрген тірліктерін қарашы», «Қараудың өзі ұят», «Жастарды сынап жатамыз. Үлгі болар үлкендердің тірлігі мынау ғой енді» деп жазды ашуланған көпшілік.
Ал биші жігіттерді жақтаушылар болса: «Жай ғана көңіл көтеріп жүр ғой», «Ұжымдық кеш секілді», «Биде тұрған ештеңе жоқ» деп өз пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.