Home Жаңалықтар Заманауи хитке жұлқына билеген Қарақат Әбілдина желіні шулатты (видео)

Заманауи хитке жұлқына билеген Қарақат Әбілдина желіні шулатты (видео)

0
1810

Қазақ әйелінің эталоны саналатын Қарақат Әбілдина көпшілікті биімен таңғалдырды. Ол бүлдіршіндермен бірге заманауи “Опмай-опмай” хитіне билеген.

 

Қарақаттың биі дүйім жұртты ғана емес, өнерде жүрген әріптестерін де таңғалдырған ұқсайды. Әнді орындаушылардың бірі, “Азия” тобының әншісі Ренат Баситов:

“Қарақат ханым бүйтіп билейді деп өз басым ойламаппын, пластика просто супер”, – деп таңданысын білдірді.

Сол сияқты желі қолданушылары да Әбілдинаның биіне таңғалысты. Бір қызығы, олардың арасында әншіні жақтағандар көп болып шықты.

“Күшті жарасады, мен де осылай билеймін, кеше кешке жұмыстан барсам күйеуім мен балаларым қосып, клипін көріп отыр”, – дейді оқырмандардың бірі.

“Бұл әнге билемеу мүмкін емес, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін билейді әлі”, – дейді екіншісі.

Источник: Stan.kz