«Қызды мен өлтірген жоқпын”: Балжан Тұрлыбек сот залында 7 жасар Каринаны күйеуі өлтіргенін айтып, көзіне жас алды

0

Алматыда 7 жасар Каринаны өлтірді деген күдікке ілінген өгей шешесі Балжан Тұрлыбек сот залында өз кінәсін мойындамайтынын айтты. Ол барлығына күйеуін кінәлады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотта тараптардың жарыссөздері кезінде Балжан Тұрлыбек көзіне жас алды.

“Мен оны қорғай алмадым. Сол күні осы қайғылы оқиға боларда мен тіпті Бекен Ғалымжан өз баласын өлтіреді деп ойламадым. Сосын барлық кінәні менің мойыныма артып кетті. Ол маған жалынып, оны ұстап бермеуімді өтінді. Мен тағы да оны аяп, барлығын мойныма алдым”, – деді күдікті.

Дегенмен айыптаушы тарап оған ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәсін мойындап, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

“Түрмеде қазірдің өзінде маған қастандық жасалып жатыр. Мен туралы түрлі мақала осындай резонанс тудырды. Жанымда отырғандарға туысқандарынан менің өлтіргенім туралы түрлі хабарлама келеді. Қызды мен өлтірген жоқпын”, – деп қосты Балжан Тұрлыбек.

Алайда сот залында таныстар Балжанды кінәлап, қызды алып кеткенде тірі болатынын алға тартты. Көпшілік оны өмір бойына жазалау керек екенін жеткізді.

Еске салайық, шілде айында Алматыда қоғам қайраткері Балжан Тұрлыбек серіктесінің жеті жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген еді. Қыздың туыстары оның баланы бірнеше ай бойы аяусыз ұрып-соққанын алға тартады. 14 шілдеде әйел екі айға қамауға алынды.