Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы қайтыс болды

0

Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы Евгений Путин қайтыс болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі ivanovonews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпан айының соңында ол 91 жасқа толды. Евгений Михайлович пен Владимир Путиннің әкелері ағайынды болған.

Басылым деректерінше, ол 10 наурызда жерленген. Евгений Путин ұзақ уақыт бойы Ивановода уролог болып жұмыс істеген. Кейін ол Суздальға ұлының қолына көшіп келген.

Бұған дейін Путин ата-анасы оны жеке мысалмен тәрбиелегенін айтқан еді. Ол әкесінің ешқашан мас күйінде келмегенін, балағат сөздер айтпағанын жеткізген.