Қыздардың шашын жейтін маньяк пайда болды
Жедел сатыда болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Оқиға 7 қараша күні Тайваньның Юньлинь провинциясында болды. Тайваньның 23 жастағы тұрғыны Чжун жас қыздың басында өрмекші тұрғанын алға тартып, қыздың шашын иіскеп, жей бастаған.
Жас қыз бейтаныс адамның не істеп жатқанын түсініп, артық қимыл жасауға қорқып қалады. Лифтіден қашып шыққан қыз болған оқиғаны өзінің сүйіктісіне айтқан. Артынша жігіті ғимараттың күзетшілеріне жеткізген.
Полиция қызметкерлері Чжунды өз пәтерінде қамауға алады. Көп кешікпей сол күні таңертең ол тағы бір қызға осылай шабуыл жасағаны анықталды. Қазір бұзақы тергелуде, ал полиция Чжуннан зардап шеккен басқа әйелдерді іздестіріп жатыр. Оған қандай жаза тағайындалатыны белгісіз.