Дені саудың жаны сау Судың қаупі

0
177

САБАҚ:

Дені саудың жаны сау

Судың қаупі

МЕКТЕП: Шалғын негізгі орта мектебі

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ: Сагынгалиева С.А

СЫНЫП: 2

 

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: 4

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: 0

САБАҚТА ҚОЛ  ЖЕТКІЗІЛУГЕ  ТИІСТІ  ОҚУ МАҚСАТТАРЫ

2.2.1.1 –  мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

 БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Білу.

1.Су туралы мәлімет алады.

2.Оның түрлерін,пайдасы мен зиянын біледі.

3.Су туралы кеңінен мәлімет алып, оны өмірде қолдана алады.

ТІЛДІК МАҚСАТ

Оқушылар:

– басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отырып, су  жөнінде, үйдегі күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы айта алады;

– тақырып бойынша сөздік қорын дамыту./ қатты,газ,бу/

Негізгі сөздер мен тіркестер: су,өмір

 

Ширату жаттығуы

Кел  ойнаймыз!

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел ойнаймыз екеуміз.

Бас бармағым әкем,

Балаң үйрек – анам.

Ортан үйрек –ағам,

Шылдыр шүмек мен,

Кішкентай бөбек сен.

Тапсырма:

Жұптық жұмыс (Аделия,Аманжан)

1-тапсырма.Су туралы мақал – мәтел немесе нақыл сөз жаз.

Жұптық жұмыс (Темірлан,Мансұр)

1-тапсырма. Су,өзен – көл туралы жұмбақтарды шеш.

Өзекті жағдаят.

– Сен анаң әкелген шелектегі суға байқамай ойнап жүрген лас добыңды түсіріп алдың.Сенің іс – әрекетің қандай?Анаңа қалай жауап бересің?

-Су жағасында досың екеуің балық аулап отырдыңдар. Досың 5 балық ұстады.Сен барлық балықты алып жөніңе кете бердің.Сенің іс – әрекетің дұрыс па?Досыңды келесі көргенде не деп жауап бересің?