Қытайлық медбикенің шетелдік науқасқа жазған хаты жұртты күлдірді (фото)

0

Қытайлық медбикенің шетелдік науқасқа жазған хаты желі қолданушыларының ішек-сілесін қатырды. Ағылшын тілін білмейтін медбике шетелдік азаматқа келесі күні ота күтіп тұрғанын түсіндіру қажет болған деп хабарлайды menstois.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Медбике науқасқа отаға дейін тамақ ішуге және су ішуге болмайтынын жеткізгісі келген.

Сол үшін ол қағазға тамақ пен судың суретін салып, тыйым белгісін қойған екен. Ал астына қанға боялған пышақ көрсетіпті.

«Ертең таңертең, 8:00-де», — деп жазған отаны ескерткен келіншек.

Желі қолданушылары медбикенің бұл әрекетіне қатты таңданып отыр.

«Бұл жақында өмірмен қоштасатын, бір жерде тамақсыз, сусыз қалған адамның хаты сияқты», «Ол тілдік барьерді жоғалтуға тырысқан. Пышақты да өте орынды пайдаланған», — деп жазған олар.

Дереккөз: kaz.nur.kz