Хабиб Нұрмағамедов қазақстандық шоуды жүргізетін болды

0
Хабиб Нұрмағамедов

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нұрмағамедов қазақстандық The Nomads реалити-шоуының жүргізушісі болады.

 

Ұйыдастырушылар шоудың түсірілім жұмыстарына биылғы жылдың мамыр айында кіріспек. Жобаға әр елден келген спортшылар мен Олимпиада чемпиондары қатысады.

Жоба барысында олар спорттық сынақтардан өтіп, қазақ фольклорындағы дәстүрлер бойынша байқауда бақ сынайды. Тележоба әлемнің 118 мемлекетінде көрсетілетін болады.

Айта кетсек, Хабиб Нұрмағамедов Қазақстанға жасырын келіп, балалар үйін аралады. Тәрбиеленушілермен сөйлесіп, көңілін көтерді. Оларды спортпен айналысуға шақырды. Кейін Кеңес Рақышевпен, Кәрім Мәсімовпен түскен суретін жариялады.

Bnews.kz