Қытайлық ғалымдар қатерлі ісіктің дамуын тежейтін көкөністерді атады

0

Қытайлық ғалымдар қатерлі ісіктің дамуын тежейтін көкөністерді атады

Онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрі, тоқ ішекте пайда болатын рактың дамуын тежейтін көкөністер анықталды. Қытайлық дәрігерлердің мәліметінше, сарымсақ, пияз және порей пиязын жеу арқылы адам колоректалды рактың дамуын тежей алады. Бұл туралы клиникалық онкологияның Азиаттық-Тынықмұхиттық журналында айтылған.

Ғалымдар 833 сау адамның және колоректалды рак ауруына шалдыққан 833 науқастың көрсеткіштерін салыстырды. Зерттеу барысында олардың жас аралығы, жынысы, тұрған үйлері назарға алынды. Сарымсақ пен пиязды жиі жеген адамдарда колоректалды ракқа шалдығу мүмкіндігі аталған көкөністерді жемейтін адамдармен салыстырғанда 79 пайызға төмен екен.

Мамандардың сөзінше, сарымсақ пен пиязда, порей пиязында тоқ ішекте қатерлі ісіктің пайда болуын тежейтін құрамалар бар.

http://inform.kz