Гүлсара Шалқар | өмірбаяны

0

Гүлсара Шалқар 1987 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің 2009 жылғы түлегі, Еуразия Гуманитарлық институты, «Филология» факультетінің 2014 жылғы түлегі. Топтама өлеңдері «Үркер», «Егемен Қазақстан», «Тұмар», «Мұқағали», «Төртінші билік» т.б. республикалық газет- журналдарға жарияланған. Сонымен қатар, «Азаттық таңындағы азат жыр», «Сарыарқа самалы» жас ақындар антологиясына енген. О. Бөкей көркемсөз оқу шеберлерінің жүлдегері. Бірнеше республикалық, облыстық мүшайралардың жеңімпазы.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз