Қытайдың Шоушан қаласының аспаны қанқызыл түске боялып, тұрғындардың зәресі қашты

0

Қалалық метеорологиялық бюро қызметкерлері бұған порттағы кеме шамдарының сынуы мен жарықтың шашырауы себеп болғанын айтып отыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоушан қаласында қалың тұманның астында аспан қызыл қанға боялып, жергілікті тұрғындарды шошытқан. Азаматтар желіде ерекше көріністің кадрларын әлеуметтік желіде бөлісе бастады.

Жарияланған кадрларда қаланың кешкі аспаны ерекше қанқызыл түске боялғанын көруге болады. Сирек құбылыс жексенбі күні кешке 150 миллионнан астам қаралым жинап, Twitter Sina Weibo әлеуметтік желісінің қытайлық баламасы бойынша ең танымал тақырыптардың біріне айналды, деп хабарлайды Global Times.

ТикТоктың қытайлық нұсқасы Доуинде пайдаланушылар қызыл аспанды Қытайдың жақын маңдағы Шанхай қаласында қайта пайда болған Ковид-19 пандемиясымен күресуде жаман белгі деп атады.

Жұрттың кейбірі аспандағы ерекше көріністі жазатайым оқиғалардың болатынының белгісі деп түсіндірсе, енді бірі қорыққанынан керек-жарақтыы жинай бастағанын қосқан. Алайда Шоушан метеорологиялық бюросының қызметкерлері оларды тыныштандыруға тырысып, мұның себебі порттағы кеме шамдарының сынуынан, жарығының шашырауынан деп мәлімдеді.

«Ауа-райы жайлы жағдайда атмосферадағы көбірек су балық аулау қайықтарынан түскен жарықпен шағылысып, шашыратып, аспанды қанқызыл түске бояйтын аэрозольдар түзеді», — деді метеорологтар.

Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы CCTV сонымен қатар жергілікті балық аулау компаниясына хабарласқан. Балықшылар жарық олардың қайықтарының бірінен түсіп жатқанын айтып, қалың тұманның қызыл түске боялғанын растады.