Қытайдан әкелінді делінген «пластикалық жұмыртқаның» құпиясы ашылды
Қырғызстандық құс фабрикасы директорының айтуынша, тауық жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес
«Ыстықкөл құс фабрикасы» ЖШС директоры Сталбек Мәмбеталиев Мемлекеттік ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік инспекциясының мамандарына «резеңке» жұмыртқалар қалай пайда болатынын көрсетті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
«Қатты тоңазытылған жұмыртқалар пісіргеннен кейін осылай без секілді болып қалады. Тауық жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес», — деді құс фабрикасының директоры.
Мәмбеталиев мамандардың көз алдында бірнеше жұмыртқаны пісіріп, аршып көрсетті, олардың арасында бұрын мұздатқышқа қойылғандары да болды. Осылайша ол қытайлық жасанды жұмыртқа туралы мәлімдеген Ош тұрғынының сөзін жоққа шығарып отыр.
Бұған дейін қытайлық пластикалық жұмыртқа Қазақстанға да жеткені жайлы видео тараған болатын.
«Олар үстелде «ванка-встанки» секілді билейді. Арнайы жарып көрдік, іші толған гель. Жұмыртқаға мөр басылған. Қайнатқан кезде ағарады. Сатып алғанда сақ болыңыздар», — дейді кадр сыртындағы адам.
Осыдан кейін облыстың санитарлық дәрігерлері ветеринарлық бақылау мамандарымен бірге Шығыс Қазақстан облысының барлық дүкені және көтерме сауда нүктелерін тексеруді бастады.
sputniknews.kz