Қытайда химия зауытында жойқын жарылыс болды (видео)

0

Қытайдың Цзянси провинциясында орналасқан химия зауытында жойқын жарылыс орын алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың орталық телеарнасында мәлім еткендей өрт салдарынан Jiangxi Qiantai New Material Co Ltd химия зауытында жарылыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша майдың тұтануы өрттің себебі болған. Өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 10:30-да келіп түскен.

Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал зауыт қызметкерлері толығымен эвакуацияланыпты. Соңғы деректерге сәйкес жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің нақты себебі анықталуда.