Қытайда автобус ұрлап айдаған адам жаяуларды қағып өлтірді (ВИДЕО)

0
349

Қытайдың Лунъянь қаласында белгісіз адам автобусты ұрлап айдап шығып, көшедегі жүргіншілерді таптап кеткен. Оқиғадан бес адам қаза тауып, 20-дан астам адамның жараланғаны хабарланды. Қаза тапқандардың екеуі – полицей.

Жергілікті полиция қолында пышағы бар ер адамды ұстағанын айтқан. Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Ер адамның не үшін шабуыл жасағаны белгісіз.

Сәуірде Канаданың Торонто қаласында фургон мінген адам көшедегі жүргіншілерді таптап, он адам мерт болған.

Дереккөз: Азаттық