Қытай Владивостокты транзиттік порт деп жариялады

0

Қытайдың Бас кеден басқармасы Владивостокты Ішкі сауда үшін транзиттік порт деп жариялады, деп хабарлайды Vpost Владивостоктағы Ресей СІМ өкілдігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бұдан былай Қытайдың Бір провинциясынан екіншісіне жөнелтілетін жүктер кедендік рәсімдерсіз Владивосток арқылы өтеді.

Шешім 1 маусымнан бастап күшіне енеді және бұл ҚХР-ның солтүстік-шығысынан оңтүстікке қарай жүретін тауарларға қатысты болмақ. Егер бұрын Ресей Федерациясымен шектесетін Цзилинь провинциясынан жүктер әдетте Қытайдың қарама-қарсы шетіне шығарылып, Сары теңіз порттарына дейін 1000 км жүріп өтсе, енді оларды Владивостокқа дейін бірнеше жүз шақырым ғана тасымалдауға болады. Онда контейнерлер кемелерге тиеліп, алушыға жіберіледі.

Қытай үшін логистикалық маршруттың құрлықтағы бөлігін солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай бес есе қысқарту мүмкіндігі өте маңызды: елде өндірістің қарқынды өсуін көздейтін Солтүстік-Шығыс Қытайда өнеркәсіпті жандандырудың стратегиялық жоспары бекітілді. Бірақ Владивостоктың инфрақұрылымы жүк ағынының ұлғаюына төтеп бере ме, жоқ па, ол әлі анық емес.

Өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Владивосток портында кептелістер пайда болды, ал кемелер екі апта бойы күтуге мәжбүр болды. Күзге қарай кептеліс қайтадан пайда болуы мүмкін, дейді басылымның сұхбаттасушылары.

Ақпарат:http://Moscowtimes.ru

Фото: Юрий Смитюк / ТАСС