Қытай тарабы Канада мен АҚШ бастаған елдердің талабын тойтарып тастады
Канада, АҚШ және оның одақтастары Қытай үкіметінен сол елде тұтқындалған канадалық азаматтарды босатуды талап еткен болатын. Қытай үкіметі дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұл талаптарды орындаудан бас тартты. Бұл туралы Қытай СІМ өкілі Хуа Чүниың арнайы баспасөз мәжілісінде айтты.
Қытай СІМ өкілі сөзінде: «Қытай тарабы Канада және АҚШ-пен қатар өзге елдердің мәлімдемелеріне қарата күшті наразылық пен қарсылық танытады», – деді.
Бейжің билігі желтоқсан ортасында «Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтірді» деген айыппен канадалық бұрынғы дипломат, Халықаралық дағдарысты зерттеу ұйымының қазіргі қызметкері Каң Миңкай мен бизнес-кеңесші Майкл Спарвеллді тұтқындаған болатын. Бұлардан тыс, Қытайда ағылшын тілін үйрететін канадалық әйел де тұтқындалған. Ол қазір уақытта депортацияны күтуде.
Қытайда Канада азаматтарының тұтқындалуынан бұрын, АҚШ-пен жасалған экстрадициялау туралы шартты орындау негізінде, Канада тарабы өз еліндегі
Канада, АҚШ және оның одақтастары Қытай үкіметінен сол елде тұтқындалған канадалық азаматтарды босатуды талап еткен болатын. Қытай үкіметі дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұл талаптарды орындаудан бас тартты. Бұл туралы Қытай СІМ өкілі Хуа Чүниың арнайы баспасөз мәжілісінде айтты.
Қытай СІМ өкілі сөзінде: «Қытай тарабы Канада және АҚШ-пен қатар өзге елдердің мәлімдемелеріне қарата күшті наразылық пен қарсылық танытады», – деді.
Бейжің билігі желтоқсан ортасында «Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтірді» деген айыппен канадалық бұрынғы дипломат, Халықаралық дағдарысты зерттеу ұйымының қазіргі қызметкері Каң Миңкай мен бизнес-кеңесші Майкл Спарвеллді тұтқындаған болатын. Бұлардан тыс, Қытайда ағылшын тілін үйрететін канадалық әйел де тұтқындалған. Ол қазір уақытта депортацияны күтуде.
Қытайда Канада азаматтарының тұтқындалуынан бұрын, АҚШ-пен жасалған экстрадициялау туралы шартты орындау негізінде, Канада тарабы өз еліндегі Huawei компаниясының қаржы директоры Мың Уанжоуды Құрама Штат тарабының талабымен қолға алған еді. АҚШ үкіметі оған Иранға бағытталған санкцияны бұзу үшін алаяқтықпен айналысты деген айып таққан болатын. Осы тұста Қытай тарабы Канадаға ескерту сипатындағы мәлімдеме жасап, «Бұның зардабы ауыр болады» деген сөздерді қолданған.
Канаданың СІМ басшысы Кристина Фриланд ханым өткен жұмада ЕО мен өзне де одақтастарын Қытайдан азаматтарын босатуды талабын қолдауды өтінген еді. Бұған Британия мен Германия қатарлы бірқатар еуропалық елдер үн қатқан.
Алайда, Қытай СІМ-інің баспасөз хатшысы Хуа Чүниң ханым Германия мен Британияның мәлімдемесіне наразылық білдірді. Ол сөзінде: «Мұдделі елдердегідей түрлі елдердің азаматтарына түрлі стандарттар бар ма? Бұл мәселенің Британиямен, Греманиямен немесе ЕО-мен қандай қатысы бар?», – деп салды.
компаниясының қаржы директоры Мың Уанжоуды Құрама Штат тарабының талабымен қолға алған еді. АҚШ үкіметі оған Иранға бағытталған санкцияны бұзу үшін алаяқтықпен айналысты деген айып таққан болатын. Осы тұста Қытай тарабы Канадаға ескерту сипатындағы мәлімдеме жасап, «Бұның зардабы ауыр болады» деген сөздерді қолданған.
Канаданың СІМ басшысы Кристина Фриланд ханым өткен жұмада ЕО мен өзге де одақтастарын Қытайдан азаматтарын босатуды талабын қолдауды өтінген еді. Бұған Британия мен Германия қатарлы бірқатар еуропалық елдер үн қатқан.
Алайда, Қытай СІМ-інің баспасөз хатшысы Хуа Чүниң ханым Германия мен Британияның мәлімдемесіне наразылық білдірді. Ол сөзінде: «Мүдделі елдердегідей түрлі елдердің азаматтарына түрлі стандарттар бар ма? Бұл мәселенің Британиямен, Германиямен немесе ЕО-мен қандай қатысы бар?», – деп салды.