Асылхан Төлепов – Қырғызстанның ең үздік актеры

0

Актер Асылхан Төлепов Қырғыз елінде «Жылдың ең үздік актеры» атанды.

«Сүйінші, ағайын! Жаңа ғана Қырғыз елінде «Время стойкиx. Көк-бөрү» фильмінде басты рөлді сомдағаным үшін «Жылдың ең үздік актеры» атандым. Қолдау көрсеткен барша жандарға алғысымды айтамын. Тәуелсіз еліміздің айбынды ұланы ретінде жеңісімді Қазақ еліне арнаймын», – деді актер.

 

 

Биыл маусым айында Қазақстан мен Қырғызстан актерлерінің қатысуымен көкпар туралы спорттық драма-экшнның түсірілімі басталған еді. Кинокартина талантты шабандоз «Жалын» командасының капитаны Мақсат жайында баяндайды. Маңызды бір кезекті ойындағы жеңілістен кейін, «Жалын» командасының иесі жарақат алған атпен алаңға шығудан бас тартқан Мақсатты командадан шығару шешімін жасайды. Өзінің ауылына оралғаннан кейін жас жігіт жаңа команда жинап, көкпардың биік шыңына жетуді мақсат етеді. Фильмнің режиссері Руслан Акунның айтуынша, кинокартина соңғы үлгідегі технологиялармен түсірілген. Арада көп өтпей Желіде «Мықтылар заманы» көркем фильмінің трейлері жарияланған еді. Фильмдегі басты рөлдерді қазақстандық актерлер – Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова сомдаған. Ат үстіндегі каскадерлік трюктерді танымал Nomad каскадерлік тобы орындаған.

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын