Қытай қаптап, орыс ойран салмай ма?

0
2042

Қазақстанда Орыстың 7000 кәсіпорыны бар, әрі таза орысша білсең ғана оларға жалшы бола аласың, білмесең «пошел» боласың.

Тіпті олардың товарын орысша сөйлеп ғана сатып алуға міндеттісің, қазақша сұрасаң  «не понял!». Орыстың кәсіпорындары әрине совет заманынан қалған тат басқан жабдықтар, тозығы жетіп өлімтік болған механизім екені баршаға мәлім.

Бірақ орысша түсінсең, орысша ойлай алсаң бұл ескі кәсіпорындар Қазақстан экологиясын ластамайды, тазартады, тек Қытай кәсіпорындары ғана ластайды ескі мейлі жаңа болсын .

Ал Қазақстанда маңызды ақпарат  90 пайызбен  орыс тілінде таралуда.

Ал идеология 100 пайыз орыс тілінде сыналап жүргізілуде.

Қазақстанда орысша білмеген адам таза «надан» саналады, мейлі ол басқа тілді қанша білсе де, тек «ұлы орыс»  тілін білмесең, «тупойсың», болды!

Өле қалсаң да ,мейлі ағылшын, француз, неміс, жапон, қытай тілін

қанша жерден сайрап тұрсаң да, бәрібір.  Орысша білмесең, «қоқыссың!»

Қазақстанда  қазір 11000 астам таза қытай ҚР азаматтығын алған деген ақпарат бар.

Ал 3,900,000 таза орыс ҚР азаматтығын алыпты.

Ал енді, мынаған назар аударайық, ресейлік орыс  кәсіпорындары 7000-нан астам екен. Сізге таныс біразының атын атап өтейік:

«Руснефт», «Лукоил», «Газпром»,»Атомпром»

т.б. өте ірі кәсіпорындардың үлесі ерекше зор, үлкен әрі ел экономикасындағы шикізат байлық қайнарларының халқаралық айналысында өте маңызды орынды ұстайды.

«Сбер банк»,»Хоум кредит»,»ВТБ»,»АЛЬФА Банк» т.б

Банктер де ел өмірінде маңызды орын алып отыр, тіпті сіздің тұратын үйіңізді ипотекаға  беретін «Тұрғын үй құрлыс жинақ банк» те (ЖилСтрой банк) осы Ресейдің «Сбербанк»-ке тәуелді, жалпы құны 1.679 триллион теңгені құрайды.

Бүкіл қазақ үшін ең маңызды саналатын дүниенің бірі ақпарат құралы, телефон (смартфон), компьютер де бүкіл «орыс» тілін таңдауға жаны құмар.

Тіпті «терминал»,»банкомат» атаулы да  кез келген программада тек қана  «орыс тілінде»  қызмет көрсетуге дайын.

Қыл аяғы, үмітіміз деп санайтын ұрпағымызды да «орыс» мектептеріне берсек, ұлы тұлға шығатындай таласа апарудамыз.

Қарапайым тұлға, қатардағы жалшы болсын деп қазақ мектебіне берсек, ондағы ұстаздар қарабайыр төмен жалақымен, күзетшіден бастап, еден жуушыға дейін орыс тілінің болашағы үшін күн-түн демей жұмыс істеуде.

Дүниенің қоры балағынан биті аққан, шақша басына бөрік емес ши таққан,

орсыйған қисық тісін тілімен жасырған,

сықсиған көзін одан ары қысып ырсиып тұрған өрім-өрім  жалаңаяқ қытайды Мерседес S Class-қа мініп бара жатып артқы айнадан көріп қалсақ,  шыбын жанымыз мұрнымыздың ұшына келіп шырылдай қорқатын,

әрі осы бейбақ Қытайдан бір құтқарса, осы орыстар  құтқарады деп сенетін халге жеттік.

Біле білсек ағайын орыс та, қытай да екі туып бір қалғанымыз емес.

Егер көрші деп танысақ екеуі де қонысы жақын іргелес көршіміз.

Жау десек екеуі де ата жауымыз.

Қауіп бар десек, екеуі де оңып тұрған жоқ, бірдей сақ болуымыз керек.

Ал құдай қосқан тату көрші боламыз, достықты қатар дамытамыз, барыс- келісімізді, бәсекелігімізді арттырамыз десек,  екеуінің де артықшылықтарын ұтымды пайдаланып, ел дамуындағы үлкен кәдеге жаратуымыз біз үшін пайдалы.

Әрі екеуініңде зиянды тұстарынан барынша қырағылықпен сақтанып, кезі келген сәтінде шамамыз жетпеген жерде бірінің уымен екіншісінікін қайтарып отырсақ кесірі жоқ.

Жағаласпай жан қалмайды деп, маңдайымызға жазылған тағдыр екі алыптың ортасындағы орынымыз біле бісек зиянынан пайдасы артық.

Албаты дақпыртпен өсектің отын көсемей, байыбына бармай байбалам салудан аулақ болайық ағайын!

Жоқ жерден жау іздемей , барымызды бағалап, еңбекпен қолда барды кәдеге жаратып, саналыда сапалы болуға мойын бұрайық, сүйікті қазақ елінің өр намысты ерлері!

Aybat Mellat-тың парақшасынан алынды.