«Мүгедек» сөзін қолдануға болмайды

0
310

ОКҚ алаңында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Сенат депутаттары мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі заң жобасына түзетулер әзірлегенін және онда «мүгедек» терминін қолдануды алып тастау жоспарланып отырғанын айтты деп хабарлайды Baq.kz. тілшісі. 

Заң жобасында «мүгедек» деген кемсітушілік терминін алып тастау сияқты нормалар қарастырылған. Сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыға «мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы» мәртебесін беру қарастырылған. Бүгін мұндай мәртебе жоқ. Мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе қамқоршысына санаторий-курорттық емделуге тегін жолдама беріледі. Бүгінгі таңда бұл шара заңды түрде бекітілмеген, – деді вице-министр.

Бұдан басқа, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамағаны үшін жұмыс берушілердің төлемдерін міндетті түрде өтеу тетігі заңнамалық түрде енгізіледі.