Қытай халқы Си Цзиньпиннің отставкаға кетуін талап етуде — BBC
25 қарашадан бастап Қытайда антиковедтік шектеулерге қарсы жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Orda.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Дүйсенбіге қараған түні наразылықтар елдің астанасы Пекинде, Қытайдың ең үлкен қаласы Шанхайда, сондай-ақ Нанкин, Чэнду, Ухань және басқа жерлерде жалғасты. Қатысушылар көбінесе ұрандардың орнына бос ақ қағаздармен көшеге шығып, осылайша олар цензуралық тыйымдарды айналып өтуге тырысуда.
Кейбір наразылық білдірушілер ҚХР басшысы Си Цзиньпин мен билеуші Коммунистік партияның отставкаға кетуін талап еткен. Бұл туралы CNN және BBC хабарлады.
BBC Қытай билігі «нөлдік ковид» саясатына мұндай реакцияны күтпегенін атап өтті.
Алайда, ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Чжао Лицзянь Қытайдағы СOVID-19-ға байланысты наразылық митингілері туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайтынын айтты.
Дипломат Қытай Коммунистік партиясының басшылығымен және бүкіл қытай халқының ынтымақтастығы мен қолдауымен Қытайдағы пандемиямен күрес сәтті болатынына сенім білдірді.
Фото: риа новости