Прокуратура Бақытжан Сағынтаевқа қатысты тексеріс бастады

0

Прокуратура Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болған кезеңдегі қаланың тауларындағы жер телімдерінің жеке меншікке берілуінің заңдылығын тексеруге кірісті, — деп хабарлайды Kznews.kz агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

– Қазіргі уақытта Алматы қаласының прокуратурасы аталған аумақтағы жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертудің заңдылығын зерттеп, қала құрылысы құжаттамасына түзетулер енгізуде. Сонымен бірге, қала прокуратурасы жер ресурстарын басқару комитетіне сұраныста көрсетілген жерлердің берілуінің негізділігін тексеруді тапсырды, – деді Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Сұраныс Алматы қаласында орналасқан Фесенков атындағы обсерватория және астрофизикалық институтының рекреациялық жерлерін маусымдық тұрғын үй және аз қабатты құрылыс жерлеріне ауыстыру туралы анықталған ақпаратқа байланысты жолданды. Бұл деректі заңгер Бақытжан Базарбек бұған дейін айтып, жерлердің Сағынтаев қала әкімі болған кезінде берілгенін айтқан болатын. Осыдан кейін 12 қазанда Асылов аталған жерлерді берудің заңдылығын тексеруді тапсырды.

Фото: inbusiness.kz