Қырғызстанда жоғалған қазақстандықтың тағдыры не болғаны анықталды

0
52

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан азаматын Ыстықкөлдегі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін милицияға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық турист табылды.

Ер адам демалыс үйіне таксимен оралған, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Сталбек Усубакуновқа сілтеме жасай отырып.

Өткен жексенбіде 53 жастағы ер адам Қара-Ой ауылында су скутерімен серуендеген. Ол бір сағаттан кейін келмеген соң, досы дабыл қағып, жергілікті тұрғындармен бірге скутермен іздеуге шыққан. Жел мен үлкен толқындардың кесірінен әрі қарай өз күштерімен іздеу қауіпті болған, сондықтан жоғалған қазақстандықтың досы милицияға хабар берген.


©
Sputnik /

Іздеу жұмыстарына ұшақ-амфибия жұмылдырылды

Ер адамды іздеуге 167 тәртіп сақшысы, ұшақ-амфибия және 10 қайық жұмылдырылды, оқиға орнында 81 құтқарушы жұмыс істеді.

Қазақстандықтың скутері суға батып кеткен. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



sputniknews.kz