Қырғызстан Қазақстаннан 100 млн доллар көлемінде қарыз сұрауы мүмкін – саясаткер

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қырғыз экономикасын Еуразиялық экономикалық одақ жағдайына бейімдеу үшін қаржы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қырғызстанда ел экономикасын Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына бейімдеу үшін Қазақстаннан 100 миллион доллар көлемінде қарыз алу мәселесі қайта көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұл туралы саясаттанушы Марат Қазақпаев айтты. Сарапшының пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың арасындағы түсініспеушілік өзектілігін жоғалтқан. Ал қырғыз елінің қазіргі мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның тұңғыш президентімен жақсы байланыс орнатыпты.

 Қырғыз экономикасын Еуразиялық экономикалық одақ жағдайына бейімдеу мәселесі әлі де өзекті, ал оны түпкілікті шешу үшін қаржы қажет.

«Менің ойымша, 100 миллион доллар көлемінде қарыз алу мәселесі әлі де көтеріледі. Себебі, қазіргі таңда билікке тура мағынасында Назарбаевтың ізбасары Тоқаев келді. Демек, Қырғызстанға қатысты бұрынғы саясат жалғасады. Себебі, ол – көршілес серіктес. Ал Қазақстан – шынайы донор. Әрине, Атамбаев билікте болған тұста мәселелер болды. Тіпті, қос мемлекет арасында жанжал туындады», — дейді Марат Қазақпаев Sputnik Қырғызстан радиосына берген сұқбатында.

Сонымен қатар саясаттанушының айтуынша, Қырғызстанның қазіргі президенті тез арада қазақ елімен тіл табысып кеткен.

«Менің ойымша, 100 миллион доллар көлемінде көмек беру мәселесі қайта көтеріледі. Мен оған сенімдімін», — деп түйіндеді сөзін сарапшы.



sputniknews.kz