Басқа қызды клипке түсірген Айқын Жұлдызды қызғандырып қойды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Соңғы кездері Айқынның әр клипі Жұлдыз Өмірғалидің қатысуынсыз шықпайтын болды! Дәл осындай пікірді Төлепбергеннің шығармашылығымен жете таныс тыңдармандары жиі айтып жүр. Елдің сөзіне Айқын өзге арумен клип түсіру арқылы жауап берсе керек, деп жазады Stan.kz.

Басқа қызды клипке түсірген Айқын Жұлдызды қызғандырып қойды (видео)

Айқын бұл жолы Аделя есімді жас әншімен бірге дуэт жаздырып, бейнебаян түсірді. Романтикалық сюжетке арқау болған трек «Түндер» деп аталады. 

Бейнебаянда Айқын сахналық жұбымен бірге билеп, құшақтасып, қысқасы махаббат көріністерін көрсетеді. Дәл осы жайт әншінің жұбайы Жұлдызға ұнамай қалса керек. Ол клиптің анонсы жарияланған постқа мұңайып тұрған «смайл» қалдырып кеткен.

Оған Айқынның оқырмандары: «Өзің біліп тидің ғой», «үшінші тоқал алып жүрмесе болғаны», — деген сынды пікірлер қалдырған. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz