Домой Жаңалықтар Қырғыз депутаты ашулы: «Балаларым қазақ тілінде сөйлеп кетті»

Қырғыз депутаты ашулы: «Балаларым қазақ тілінде сөйлеп кетті»

0
955

Қырғызстанның Жоғорғы Кенешінің депутаты Нұржігіт Қадырбеков Балапан арнасының кесірінен қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданды.

«Депутат Нұржігіт Қадырбеков қыздарының қазақша сөйлей бастағанын айтып шағымданды. Бұл туралы ол бүгін, 17 ақпанда Жоғорғы Кенеш отырысында айтты. Оның айтуынша, қыздары қазақ тілінде ғана хабар тарататын «Балапан» арнасын көріп, қазақ тілін тез үйреніп алған», — делінген бейсенбі күні тараған хабарламада.

Ол Қырғызстандағы жергілікті балалар телеарнасын да сынға алды. «Біздің «Баластан» арнасы жартысы орыс тілінде хабар таратады. Сондықтан балалар мемлекеттік тілді меңгеруі үшін арнаны толығымен қырғыз тіліне аудару қажет», — деді Қадырбеков.