Қырғыз ақ қалпағына мәдени мұра мәртебесін беруді ұсынды

0

Қырғызстан парламентінің білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеті 21 қаңтарда «Ұлттық бас киім — ақ қалпаққа мәдени мұра мәртебесін беру туралы» заң жобасын талқылайды.

Құжатты Жогорку Кеңеш депутаттары Экмат Байбакпаев («Республика – Ата Жұрт» фракциясы) пен Бакирдин Субанбеков («Бір Бол» фракциясы) дайындаған.

Бұл депутаттар заң жобасын былтыр көктемде қоғамдық талқылауға шығарған еді. Сол кезде авторлар ұлттық бас киімді құрметтемегендерге 2000 сом (шамамен 30 доллар) айыппұл салуды ұсынған. Енді жеке тұлғаларға 1000 сом, заңды тұлғаларға 5000 мың сом айыппұл салу ұсынылып отыр.

Бұған дейін парламентте президент пен спортшыларды шетелде ақ қалпақ киіп жүруге міндеттеуді ұсынған.

Қырғызстанда 5 наурызда ақ қалпақ және қырғыз ұлттық киімі күні атап өтіледі.

Дереккөз: Азаттық