Қыран мен Айжұлдыз татуласты ма? (ФОТО)

0
4787

Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек әлеуметтік желіні жарды. Некелері сәтсіз аяқталған бұрынғы ерлі-зайыпты кездесіп, бірге уақыт өткізгенге ұқсайды. Оған қос блогердің парақшаларында жариялаған суреттер дәлел болмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіге көбіне жұмысы мен баласын салып тұратын Айжұлдыз Адайбекова бұл жолы бұрынғы жолдасының суретін жариялап, елді таңғалдырды. Фотода Қыран Талапбектің ұлымен бірге тұрғанын көруге болады.

Белгілі видеоблогер де өз парақшасында тұңғышымен түскен фотосын жүктеп қойған.

Жастар әзірге кездесулері қалай өткенін және бүгінде қарым-қатынастары қандай екенін айтқан жоқ.

Дегенмен, Адайбекова да, Талапбек те күні кеше өткен жүздесудің қалай болғанын оқырмандарына баяндап беруге уәде берді.