Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы тағайындалды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Бұған дейін ол әділет министрінің орынбасары және ішкі істер министрлігі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жанат Ешмағамбетов әділет министрінің орынбасары, ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болған

Жанат Ешмағамбетов президент әкімшілігінің келісімен тағайындалғаны жазылған. 

Жанат Ешмағамбетов туралы не білеміз?

Жанат Ешмағамбетов 1970 жылы туған. 1993 жылдан бері құқық қорғау саласында. Басшылық қызметтерде мол тәжірибесі бар. Әр жылдары Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес департаментін басқарған.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

2016 жыл мен 2019 жылдары аралығында әділет министрінің орынбасары лауазымын атқарған. 2019 жылдан бері ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болды.

 



sputniknews.kz