Нұр-Сұлтанда ер адам сауда орталығына келген жұрттың зәре-құтын қашырды – видео

0

Пышақпен қаруланған ер адам жауапқа тартылды, оны Қазақстан аумағынан шығару мәселесі шешіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Елордада ірі сауда орталықтарының бірінде пышақпен қаруланған ер адамның жұртты қорқытқан сәті видеоға түсіп қалды.

Оқиға 12 ақпан күні 18:28-де Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пышақ ұстаған ер адам өзін жарақаттауға тырысқан.

Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, 1985 жылғы ер адам Түркия азаматы, сол сәтте ол мас болыпты.

Сауда орталығының ішіде жүрген адамдар оның қолын қайырып, пышақты жұлып алды. Шетелдік азаматқа медициналық көмек көрсетілді.

Полиция департаментінің ақпаратына сүүйенсек, қазір ол заңға сәйкес жауапқа тартылған. Бұған қоса, оны елден шығару мәселесі шешіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Сүйіктісі қарамай қойған ер адам сұмдық қылмысқа барды – видео

Полицейлер ер адамды ұстауға көмектескен елорда тұрғындарына алғыс білдірді.



sputniknews.kz