Құз басындағы әткеншектен шатқалға құлаған қыздар видеоға түсіп қалды

0

Дағыстанда құз басындағы әткеншектен құлаған қыздардың видеосы жарияланды.

Бойжеткендер шатқалдың шетіндегі әткеншекте отырған. Біраз уақыттан кейін әткеншектің шынжырлары үзіліп, олар құзға құлап кетеді. Абырой болғанда, қыздар ауыр жарақат алмапты.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, қауіпті әткеншекті пайдалануға шектеу қойылған. Алдағы уақытта оны бұзу жоспарлануда.

Қазіргі таңда оқыс оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.

https://youtu.be/emiT6bcZXBk