«Құрылысқа жұмысқа кірген бе?» Бекболат Тілеуханның жерде тамақ ішіп отырған видеосы тарады

0

ТikTok желісінде Бекболат Тілеуханның бір топ түрік азаматымен ас ішіп отырған видеосы тарады. Топырлаған ер азамат жерге дастархан төсеп алған. Төрде Бекболат Тілеухан отыр. 

«Бауырым, кішкентай табақ әкеліп бересің бе?», — дейді Тілеухан түрік тілінде.

Желі қолданушылар бейнежазбаның астына түрлі пікірлер қалдырған.

«Тілеуханға не болып кеткен? Құрылысқа жұмысқа кірген бе?»

«Әй, өмір-ай десеңші, кешегі қазақтың мен деген бетке ұстар азаматының бүгінгі жағдайы, ортасы… Кімді кінәлаймыз бұған, дінмен, жемқорлықпен, жағымпаздықпен адасушылыққа ұштасқан сайқал саясат па…» — деп жазды.

фото: massaget.kz