Құралай Анарбекова: 28 жасымда күйеуге шықсам бақытты болмас едім

0

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шығу мәселесіне қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі қашан отбасылы болғысы келетінін ашып айтты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Құралай Анарбекова «Мамский әңгіме» подкастында көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. 34 жастағы актриса енді тұрмысқа шығуға дайын екенін жеткізді. Бүгінде жүрегі бос өнер иесі алдағы уақытта өз тағдырын кездестіріп қалатынына үмітті екенін айтты.

«Енді босап жатырмын. Мен толыққанды отбасыдан шыққаннан кейін бір адаммен жанұя өқрып, өмірімнің соңына дейін сол адаммен болғым келеді. Егер мен 27-28 жасымда тұрмыс құрғанда өзімнің ішкі мақсаттарыма жете алмай, ол отбасыда бақытты болмас едім деп ойлаймын. Жарты жыл бұрын дайынмын дегенмін. Той болады деп сөйлесіп келе жатқан кезде жұмыспен ұсыныс түсті. Солай болу керек шығар. Ол кісі менің бағым емес шығар.

«Неге тұрмысқа шықпай жүрсің» деп көп адам сұрайды. Енді жолығып қалар. Маған шетелдің түсінігі ұнайды. Бразилияда 35 жастан кейін ғана тұрмысқа шығуды ойлайды. Оған дейін білімін алып, жұмысын істеп, жағдайын жасап алады», — деді ол.