Құны 800 млн теңгеден асатын контрабандалық мүлік мемлекет кірісіне айналдырылды
Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласының Әуе көлік прокуратурасы Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп, бағалы заттардың контрабанда арнасын құрықтады, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
«Талдау барысында, азамат А.Г. Роговиковтың басшылығымен қылмыстық топ қызметі анықталды, қылмыстық топ мүшелері 2012-2017 жылдар аралығында Қазақстан аумағына зергерлік бұйымдарды, антиквариатты заттарды, сәндік өнер туындыларын кедендік бақылаудан жасырын түрде және жалған құжаттар арқылы кіргізген», — делінген хабарламада.
Қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері мемлекетке 60 млн теңгеге жуық кеден және салық төлемдер түрінде залал келтірілді.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, аталған факт бойынша экономикалық контрабандаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп (ҚК 234-бабы 2-тармағы 3) тармақшасы және 262-бабы 1-тармағы), айыптау үкімдері шығарылды.
«Мүлікті тәркілеу арқылы қылмыстық топтық ұйымдастырушысы 7 жылға сотталып, оның екеуі 4 және 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы бір тұлға 2 жыл 7 айға бас бостандығымен шектелді», — деп хабарлады ведомствода.
Соммасы 800 млн теңгеден асатын контрабандалық мүлік мемлекет кірісіне айналдырылды.
Соттың үкімі заңды күшіне енді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ