мақалдар, мәтелдер, дәулет, байлық, жамандық, жақсылық, бақ, дәулет

0
Дәулетіне қарай сәулеті.

Дәулетті ел — сәулетті.

Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабысқан дертпен тең.

Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ — әулетің молығар.

Келген — дәулет, кеткен — бейнет.

Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.

Келген дәулет, кеткен мехнат бәрі бір.

Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.

Залымның дәулеті әулетіне де бұйырмайды.

Бақыттыға бақ — дәулет бас көтертпейді.

Бейнет – жалпақ,
Дәулет домалақ болар.

Дәулет басса –
Ет басады,
Бейнет басса –
Бит басады.

Дәулес төрін бермейді,
Өлсе – көрін бермейді.