Құймақ қалай әзірленеді?
Құймақ дайындау үшін керек өнімдер:
0,5л. айран
1 жұмыртқа
2 ас қасық қант
1 шай қ. тұз
2,5 стакан ұн
1 шай қ. ас содасы
Дайындалуы:
1. Жұмыртқаны шанышқымен әбден араластырғаннан кейін айран қосамыз. Айран мен жұмыртқаға қант, тұз және ұнды салып қозғаймыз. Соданы ең соңында қосқан дұрыс. Барлық өнімдерді салғаннан кейін жақсылап араластырып, 15-20 минутқа қойып қоямыз.
2. Табадағы май қызғаннан кейін астын бәсеңдетіп, сұйық қамырын ас қасықпен саламыз. Әр бетін төрт-бес минут қуырамыз. Дайындалуы өте оңай, ешқандай қиындық тудырмайды. Нәтижесінде суреттегідей қалың, жұмсақ құймақтар әзірленеді. Астарыңыз дәмді болсын!
Дереккөз: Reactor
Дереккөз: http://reactor.inform.kz