Құбыр жасайтын темірдің қымбаттауы Астанаға газ тарту жұмысын тежеуі мүмкін бе

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 14:18 224

Құбыр жасайтын темірдің қымбаттауы Астанаға газ тарту жұмысын тежеуі мүмкін бе


АСТАНА. ҚазАқпарат — Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанаға газ тарту жұмысы қандай сатыда екеніңн айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордаға газ тарту бойынша Астана әкімдігі нақты жоспарды бекітті. Оларда қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат мемлекеттік сараптамаға тапсырылған. Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басына қарай лот ойнатылып, мемлекеттік тапсырыс басталуы керек. Ешқандай мәселе көріп отырған жоқпын. Бірінші және екінші газ жеткізу кешендері 2019 жылдың соңы мен 2020 жылдың басында аяқталуы тиіс. Сол секілді Қарағанды облысында да жол картасы қабылданды. Ақмола облысында да сондай жұмыстар атқарылуда. Бұл мәселе менің ғана емес, Премьер-Министрдің де бақылауында. Сол себепті, бұл жерде ешқандай мәселе көріп отырған жоқпын», — деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қанат Бозымбаевтың айтуына қарағанда, бастысы «Самұрық Қазына» мен келешекте газдандыруды жүзеге асыратын «Астана газ» мекемелері сенімді ақтайтын мердігерді, құбырларды әкелетін тасымалдаушыларды айқындауы керек.

«Себебі, темірдің бағасы қымбаттап кетті. Ал жобалық-сметалық құжат темір қымбаттамай тұрып жасалған болатын. Яғни, осындай елейтін мәселелер бар. Ал қалғанының бәрі де орынша. Мұның өзінде де «Самұрық-Қазына» құбыр өндіретін зауыттарға төлеу үшін көбірек қаражат тарту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. 2020 жылдың ішінде алғашқы тұтынушылар газға қол жеткізуі керек. Осы бағытта жұмысты күшейте береміз», — деді Қанат Бозымбаев.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz