Қуат Хамитов «Қызылорда аруы» туралы: Нағыз ер азаматтар дәл осындай қыздарға үйленеді. Жақында онымен кездеспекшімін

0

Атышулы спортшы Қуат Хамитов өзін «ыдыс жуып табыс тауып жүрмін» деген «Қызылорда аруы-2017» Гүлнұр Нұртазамен қосып жатқандарға жауап берді. Аралас жекпе-жек жұлдызы алдағы уақытта бойжеткенмен жеке кездеспек ниетте екенін ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуат Хамитов желіде Гүлнұр Нұртаза екеуіне қатысты тарап кеткен қауесеттерге нүкте қойып, сән байқауында топ жарған аруға деген көзқарасы қандай екенін жеткізді. Белгілі спортшы «Қызылорда аруы-2017» секілді бойжеткендерге нағыз ер жігіттер үйленетінін алға тартты. Сонымен қатар, аралас жекпе-жек өкілі жақында Гүлнұр Нұртазамен жеке өзі кездесетінін айтты. Ол Instagram парақшасында көрікті сылқым жайлы жазба жариялап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады.

«Ол біздің инстаграм жұлдыздар секілді өмір сүре алатын еді. Телефонның соңғы моделін ұстап, қымбат ауданда тұрып, көлік тізгіндеп, сатылып жүруіне болатын еді. Бірақ, осының барлығының орнына ол түзу жолды таңдады. Бойжеткенді күлкіге айналдырып мазақ еткенше одан үлгі алыңдар. Нағыз ер азаматтар дәл осындай қыздарға үйленеді. Және тағы айта кетерім, жақында онымен кездеспекшімін» , — деді Қуат Хамитов. 

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитовке сот үкімі шығып, оған алты айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Спортшы дезинфекция қызметкерлерін ұруға шақырғаны үшін айыпталған болатын.

Содан кейін, Қуат Хамитов алдағы уақытта өзінің жеке партиясын құратынын айтып, халыққа үндеу тастады.