Илон Масктың жиған дәулеті 200 млрд долларға жуықтады

0
108
Сурет: https://kapital.kz/

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізімінде қайта көш бастады, деп жазады «Азаттық Рухы«.

Масктың жиған ақшасының көлемі 199,9 млрд долларға жетіп отыр. Бұған себеп – SpaceX компаниясының кезекті құнды қағаздарының саудаға шығарылуы. Олардан компания 850 млн доллар пайда тапқан.

Ең дәулетті адамдар рейтингінің екінші сатысында – Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безос. Оның жиған ақшасы 194,2 млрд долларға жеткен.

17 ақпанда аталған көшті Безос бастаған болатын. Алайда, араға бір тәулік салып Илон Маск оны қайта басып озды.