Қуат Хамитов қашан жекпе-жекке шығады

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

49 0 0

«Найман» деген атпен белгілі қазақстандық файтер алдағы жекпе-жегі туралы хабарлап, фанаттарын қуантты

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов алдағы кездесуі қашан өтетінін хабарлады.

Хамитов Instagram аккаунтында хабарлағандай, жекпе-жек 27 желтоқсанда Мәскеуде Fight Nights Global турнирі аясында өтпек.

Sports.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, кештің басты жекпе-жегінде ресейлік  Роман Копылов пен швейцариялық Ясубей Эномото күш сынасады, олар орташа салмақтағы чемпиондық титулға таласпақ.

Атап өтсек, Қуат Хамитов бір жылдан бері рингке шыққан жоқ: соңғы жекпе-жегі 2017 жылы қарашада болған, ол кезде қазақстандық төрешілер шешімімен ирландиялық Питер Куиллиді жеңген. Кейінірек тәуелсіз комиссия Куиллидің командасының шағымы бойынша ұпай санын қайта есептеп, кездесудің тең аяқталғанын мәлімдеді.