Қуат Хамитов: Балам гей болса, ит секілді атып тастар едім – Қазақстан жаңалықтары

0
5

Қуат Хамитов соңғы кезде бір жынысты неке, ЛГБТ қауымдастығы, гейлер мен лесбияндар тақырыбын көп көтеріп жүр. Спортшы бұл топтағыларға қарсылығы сондай, егер дәл осы теріс жолға түссе, өз бауырынан да бас тартатынын айтты. 

Бұл туралы «Уақыт көрсетеді» бағдарамасында айтылды. 

Қуат Найман лақап атымен танылған спортшы елімізде қызтеке жігіттерге, бір жынысты некеге түбегейлі қарсы. Тіпті елімізде олардың еркін жүруіне еш рұқсат берілмейді деген нық сенімде. Бұл ретте «Өз бауырыңыз осы жолға түсіп кетсе, не істейсіз?» деген сұрақ туындайды.

«Егер менің бауырым теріс жолға түссе, онымен мүлде араласпай кететін шығармын. Екіншідін, емдеуге тырысамын. Қалпты өмірге қайтаруға тырысамын. Егер оған көнбей жатса, өз дегенімен кетсе, онда өз балам болса да итше атып тастар едім. Баяғыда ауылдард қаңғырған иттерді атып тастап жатушы еді ғой. Сол секілді атып тастар едім», – деді ол.

Спортшы бұған дейін де теріс жолдағыларға қарсылығын білдірген еді. Өз парақшасында да бұл тақырыпта пікірін білдіріп жүр. Айта кетейік, бұған дейін ЛГБТ белсендісі өздеріне сөз тигізген Қуат Хамитовты атағынан айыруды сұрады. Белсенді ММА күрескері Қуат Хамитовқа ашық хат жазған.


Қуат Хамитов: Лесбиянка қарындасымыз Заманбек Нұрқаділовтің немересі болғандықтан оған ешнәрсе айта алмадым


Спортшы еліміздегі міндетті екпе салдыру мәселесіне өз үнін қосты. Қуат Хамитов оған да қарсылығын айтты.

«Екпе салдырған адамдар бірнеше күн ауырып, хәлі нашарлап жатқан жағдайлар болды. Тәуелсіз сарапшылар екпенің құрамын тексергенде, онда шыбын-маса, жәндіктерді, кеміргіштерді өлтіретін қоспа болғанын анықтады. Бұл адамға әсер етпей қоймайды. Сондықтан адамды мәжбүрлемеу керек. Халықпен санасу керек. Өз балаңа ойлаған жақсылықты өзгенің баласына да тілеу керек. Мен өз басым екпе салдыруға қарсымын деді», – деді Хамитов.

 



stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз