Алматыда 3 мамырдан бастап қандай нысандар ашылады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес қаладағы фитнес-орталықтары, бассейндер мен білім орталықтары 3 маусымнан бастап ашылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

фитнес

2020 жылдың 3 маусымынан санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда 30 адамнан аспайтын көлемде мына нысандардың жұмысына рұқсат беріледі:

Оқу жаттығу жұмысын жүргізу үшін спорт нысандары;

Дене шынықтыру сауықтыру орындары (фитнес клубтар, жаттығу залдары);

Білім орталықтары мен үйірмелер (алдын ала жазылу арқылы);

Балаларға арналған түзету орталықтары;

Саябақтар мен скверлер ашылады

Бұған қоса жаңа қаулыда нысанда басшылары санитарлық талаптарды толық орындау керектігі айтылған. 

Еске салайық, 25 мамырдан бастап қалада сауда орталықтары ХҚКО ашылған еді. 

 

stan.kz