«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ қызметкері парамен ұсталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Атырау облыстық «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалының директоры сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталғанын мәлімдеді.
Ол квазимемлекеттік сектордағы лауазымды тұлғаның қатысуымен болған қылмыстық іс туралы баяндады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ облыстық филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол жүк вагондарын жедел және кедергісіз беру үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 128-бабына сәйкес толық кінәні мойындауына және мәміле жасау туралы өтініш беруіне байланысты процесуалдық ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — деді Жанна Бастарова.
Осыған дейін Ақмола облысы туризм басқармасының басшысына, сондай-ақ орталық органдардың аумақтық және ведомстволық бағынышты ұйымдарының лауазымды тұлғаларына қатысты тіркелген қылмыстық істер туралы хабарлаған болатынбыз.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ