ҚТЖ билеттерін сату жөніндегі онлайн-сервисі жаңартылды

0
28 Қараша 2018, 18:18 255 0

Астана, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас есептеу орталығының әзірлеген bilet.railways.kz интернет-порталының жаңартылған нұсқасында ресурсты пайдаланушылардың ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жаңа сайтта билетті арнайы кабинет арқылы авторлықсыз ресімдеуге болады. Сайтта «күту парақшасы» қызметі бар. Тұтынушы ол арқылы билет болмаған жағдайда, кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда тұтынушының электронды поштасына хабарлама түседі. Сондай-ақ жолаушылар бұрын сатып алынған билеттерді сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы «баруға» және «қайтуға» билеттерді бір тапсырыс кезінде рәсімдеуге болады», -делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Тұтынушы жолаушылардың бағалауына сәйкес, пойыздардың қызмет көрсету сапасына қатысты рейтингін көреді.

«Пойыз билетін сатып алуға халықаралық төлемақы жасаудың Visa және MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктердің төлемақы карталары қабылданады. Қиын мәселе туындағанда оператордың online режімдегі көмегіне жүгінуге болады», — деді компанияда.

Мәселе туындаған жағдайда «online» режимінде оператордың көмегіне жүгінуге де болады. Порталды қолдау тобының call-орталығы бар және негізінен әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Портал веб-жобалар үшін заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып әзірленген және халықаралық интернет-институттарының стандарттары талаптарына жауап береді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ