Бүкіл карьерамда мұзға бұдан аз құлаппын». Мәнерлеп сырғанаушы Неймарды мазақ етті

47
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Ресейлік мәнерлер сырғанаушы Елизавета Туктамышева «Пари Сен-Жермен» форварды Неймарды Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі англиялық «Ливерпульмен» ойыннан кейін мазақ етті.

«ПСЖ – «Ливерпуль» матчін тамашаладым. Бүкіл карьерамда мұзға құлағаным Неймардың 90 минуттағысынан аз», – деп жазыпты Туктамышева твиттерде.

Париждіктер бұл ойында «Ливерпульді» 2:1 есебімен ұтты. Гол салғандар Бернат пен Неймар. Топтық кезең аяқталуға бір тур қалғанда ПСЖ топта екінші болды. «Ливерпульге» плей-офф кезеңіне шығу үшін «Наполиді» ұту қажет.

Ал «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп ПСЖ-мен матчтегі төрелікке наразы.

«Кедергіге ұшырадық: екінші таймда ойын 500 мың рет тоқтатылды және төреші бәрін дұрыс істедім деп ойлайды. Біз АПЛ-дегі ең таза командалардың біріміз, бірақ, бүгін бізді қасапшы етіп көрсетіп отыр. 

Қорытындыны қабылдаймыз, алайда, мұның бәрі бір шатпақ боғандай сезім қалды. «Наполиді» 1:0 есебімен жеңсе «Ливерпуль» ары қарай өтеді? Тамаша. Біз гол соғамыз, ойын аяқталғаны туралы ысқырық болады да, бәріміз үйге қайтамыз», – деп келтіреді бапкердің сөзін BBC.

Загрузка...