ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.САПАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ
ҚР премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды. Бірнеше ұжымда болып, әлеуметтік салаға арналған жиындарға қатысты. Сонымен қатар, тұрғындармен кездесіп, өндіріс орындарының жұмыстарымен де танысты.
Үкіметтік жұмыс тобы алдымен Т. Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейінде мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі » атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру туралы айтты.
«Әрбір елдің дамуы білім, денсаулық сақтау, азаматтардың мәдениетіне байланысты. Біздің балаларымыздың халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім алуы маңызды. Сондықтан біз мұғалімдердің мәртебесін, олардың материалдық қамтамасыз етілуін арттыруымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Келешекте біздің мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан жоғары болуы тиіс», — деп атап өтті Б.Сапарбаев.
Сонымен қатар, Б.Сапарбаев Талсуат ауылдық округінде орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында болды. Осы күні облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен вице- премьер Бердібек Машбекұлы әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Облыстың үздік әлеуметтік қызметкерлеріне Премьер-Министрдің орынбасары мен Облыс әкімінің алғыс хаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік сала үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мұнан соң үкіметтік топ «Достық» үйінде халықпен кездесті Облыс әкімі Қ. Ысқақов аймақтың экономикалық-әлеуметтік даму динамикасы туралы айтып, кейбір мәселелердің шешілуіне Үкәмет тарапынан қолдау сұрады.
«АӘК көрсетуге 2019 жылға бюджеттен 14,7 млрд. теңге қаралып, әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 14 808 теңгені құрады. Жыл аяғына дейін 19,7 млн. теңге қаржының жұмсалуы күтілуде. Атаулы әлеуметтік көмекті қоса қаржыландыруды 15 пайызға жеткізу үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді. Шартты атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 351 отбасы мен әлеуметтік келісім шарт жасалып, 1 243 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Артық төленген атаулы әлеуметтік көмектің 23,1 млн. теңгесі бюджетке қайта қайтарылып, 1 млрд. 71 млн. теңгеге төлем тоқтатылды»-, деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Мұнан соң, үкіметтік жұмыс тобы Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап еңгізілетін көпбалалы және мұқтаж отбасыларға арналған көмектің жаңа әдісі тұралы айтты
Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларды қолдау республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақыны енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Аталмыш мемлекеттік жәрдемақы жанұяның табысына қарамастан барлық көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланып, әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден беріледі. Ал, АӘК аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға да төленетін болады.
Министр АӘК алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. Оларды жұмысқа орналастыру үшін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері пайдаланылатын болады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі барлық отбасы мүшелері үшін тоқтатылады.
Сондай-ақ, үкіметтік топ Шиелі ауданындағы жаңа аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Нысан 2019 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Келесі нысан-Шиелі Гежуба цемент зауыты. Кәсіпорынның құрылысы 2018 жылдың желтоқсанында аяқталып, 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Жобаның құны-64 млрд. теңге. Орталық Азияның заманауи технологияларымен жабдықталған зауыт жылына 1 млн. тонна өнім шығаруға қуатты.