Қожайындары пәтер жалдаушыны соққыға жығып, сандыққа салып қойған
Қожайындары пәтер жалдаушыны соққыға жығып, сандыққа салып қойған
Белорусияның Червень қаласының тұрғындары үйлерін жалдаған ер адамды соққыға жығып, сандыққа қамап қойған.
Пәтерді жалға алған ер адам коммуналдық қызмет ақысын төлемеген. Ал жалға алу мерзімі 2018 жылдың жазында аяқталған. Бірақ ол отбасымен бірге коммуналдық қызмет ақысын төлеместен көшіп кеткен.
Ол қожайындарға пәтердің кілтін тапсыруға келгенде қожайын ұлымен бірге оны ұрып-соғып, оны қорқыту үшін сандыққа қамап қойған. Қиқындырып, өлтіріп, орманға апарып тастайтындарын айтып қорқытып, қарызы бар екені туралы, соның өтеміне автокөлігін беретіні туралы қолхат жазғызып алған.
Қолхат алғаннан кейін қожайындар оны босатып жіберген. Зардап шегуші полицияға жүгінген. Қазір тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынған.
Дереккөз: Сегодня
Дереккөз: http://reactor.inform.kz