Қостанайға ұшқан FlyArystan ұшағы апатты жағдайда Алматыға қонды

0

Алматы — Қостанай рейсін орындайтын FlyArystan авиакомпаниясының ұшағы Алматы әуежайына оралды.

Компанияның баспасөз қызметі түсіндіргендей, Алматы — Қостанай рейсі кезінде дабыл қағылып, ақаулық туралы хабарлама пайда болды. «Техникалық регламентке сәйкес рейсті жалғастыруға рұқсат етілді, бірақ авиакомпанияның шешімімен әуе кемесі Қостанай әуежайында инженерлік қызмет болмағандықтан ұшу әуежайына қайтарылды», — деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұшақ одан әрі пайдалануға рұқсат етілген. Экипаж жұмыс уақытының тығыздығына байланысты ауыстырылды. Әуе компаниясы сонымен бірге жолаушылар Қостанайға 19.20-да ұшқанын айтты.